Мәдениет және ақпарат министрлігі министр Аида Балаеваның атынан WhatsApp мессенджерінде жалған ақпарат тарағанын мәлімдеді, деп хабарлады Ulysmedia.kz.
“Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды және осы арна арқылы таратылатын хабарламалар тікелей министрден емес екенін ескертеміз. Министрлік азаматтарды абай болуға және алаяқтардың арандатуына ермеуге шақырады”, – делінген хабарламада.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің атынан мәлімдемелер мен хабарламалар тек ресми байланыс арналары арқылы жарияланады.