×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Өз проблемаларың»: Қазақстанның балалары Мәскеудегі әуежайда қалып қойды

26.08.2024, 17:19
«Өз проблемаларың»: Қазақстанның балалары Мәскеудегі әуежайда қалып қойды
Коллаж: ulysmedia.kz.

Балалардың жазғы лагері құрамында Алматыдан Санкт-Петербургке экскурсияға барған қазақстандық балалар тобы Ресей шекарашыларының тым ұзақ әрі біржақты тексеруіне байланысты Мәскеу арқылы рейспен ұшып кете алмаған. Балалар ересек адамның ертуімен ұшудан 20 минут бұрын Санкт-Петербургке қонуға гейтке келген, бірақ Аэрофлот әуе компаниясы олардың бортқа өткізуден бас тартып, енді жаңа билет сатып алуға кеңес берген. Қазақстанның Ресейдегі елшілігіне хабарласқанда ол тарап мәселені әуе компаниясымен ақылдаса шешуге кеңес беріп құтылыпты. Ulysmedia тілшісі балалар лагерінің жетекшісі Александр Шевченкоға қоңырау шалды. Ол қазір әуежайда балалармен бірге отыр.

Жағдай қалай болды 

Алматыдан келген балалар Ресейдің солтүстік астанасының сұлулығын тамашалау үшін жазғы лагерь құрамында экскурсияға барған. Жалпы, Қазақстаннан барлығы 17 адам экскурсияға аттанған, оның 8-і 11 жастан 16 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған балалар. 

– Аэрофлот филиалы Мәскеуде қона ұшуды ұсынды, себебі баға сонда сәл арзанырақ шыққан еді. Біз Мәскеуге, Шереметьевоға ұшып келдік. Рейс уақытында жетті, бәлкім 10 минутқа кешігіп келген шығар. Басында шекарашылар бізді паспорттық бір сағаттай әуреледі. Олар онда не көре алмай қиналғанын түсінбедік. Содан кейін терминалдан әрі қарай тексеру басталды. Мен тезірек әрекет етсеңіздер деп сұрадым, өйткені олар біздің рейс жақындағанын жариялаған. Бірақ біздің әр сөмкені тексерді. Егер Алматыда, мысалы, біз отырғанда, тек тасымалдаушы арқылы сөмкелер өтіп, қарап, бәрі жақсы екеніне көз жеткізсе, мұнда әр сөмкені ашып көрсетуге мәжбүр болдық, - дейді Александр Шевченко. 

Осының салдарынан қазақстандық саяхатшылар 20 минуттан кейін жүгіріп келген, бірақ әуе компаниясының өкілдері оларды бортқа отырғызудан бас тартқан.

"Бұл өз проблемаларыңыз"   

– Біз әуежайдағы Аэрофлот өкілдігіне барып, проблемамызды шешуді сұрадық. Олар өз кінәләрің дейді. Кешіккенімізді еш айыбымыз жоқ деп дәлелдеуге тырыссақ та, болмады. Бұл шекарашылар мен кеденшілерге қатысты мәселе. Олар бізге "біз оларды басқара алмаймыз, бұл өз проблемаларыңыз, сіз формальдылыққа байланысты кешігіп қалдыңыз. Егер сіз кешігіп қалсаңыз, билетіңіз Санкт-Петербургке дейін жойылады және Санкт-Петербург - Алматының қайтару билеті де жойылады, өйткені сіз бірге сатып алдыңыз. Жаңа билеттерді сатып алыңыз деді, - деп ой бөлісті Александр Шевченко. 

Оның айтуынша, саяхатшылардың ешқайсысында жаңа билеттерді сатып аларлық қажетті сома жоқ. 

Ал елшілік не дейді 

Ресейдегі қазақстандық дипломаттар көмектесе алмайтынын айтқан.

– Мен Қазақстан елшілігіне қоңырау шалып, не істеу керектігін сұрадым. Қазақстандық балалар тобы Шереметьевода отырғанын түсіндірдім, Аэрофлот мәселені шешуден мүлде бас тартты. Елшілік "бұл сіздің проблемаларыңыз, Аэрофлотпен мәселені шешіңіз" деп жауап берді, - дейді ол.

Бұл мәселе Ulysmedia.kz порталының бақылауында болады.