Биылғы жылдың шілде айында Қазақстандағы такси ақысы бір айда 1,5%-ға және бір жылда 13,2%-ға қымбаттаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz energyprom.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл ретте бір ай ішінде үш өңірде — Шымкент, Алматы және Жетісу облысында такси қызметінің құны 16,1%, 4,2% және 1,1% өскен. Қалған 17 өңірде баға сол қалпында.
Жылдық көрсеткіште Алматыда такси құны күрт өскен. Бірден 36,9%-ға өскен. Ары қарай Шымкент (бір жылда 36,1%), сондай-ақ Ақтөбе облысы ( 22,1%), Батыс Қазақстан облысы (21,3%) және Акмола облысында (13,5%) баға көтерілгені байқалады. Бұл секторда бағаның ең төмен өсу қарқыны Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында 1% деңгейінде тіркелген.
ТМД елдерінің қалалары арасындағы ең жоғары тариф Алматыда тіркелген. Бір шақырымға 0,68 АҚШ долларын құрайды (әлемдегі 179 елден 63- орында). Қазақстан астанасында 0,42 АҚШ долларын құрайды (әлемде 39-орында). Астанада Мәскеу мен Санкт-Петерборға қарағанда баға төмен. Мұнда такси бір шақырымға 0,44 және 0,55 АҚШ долларын құрайды.
Айта кетейік, Көлік министрі Марат Қарабаев "ірі қалаларда такси бағасы неліктен қымбат?" деген сұраққа жауап берген болатын. Сонымен қатар жаңа жылдан бастап Қазақстанда рөлі оң жақтағы таксилер жұмысын тоқтататыны белгілі болды.
Бұған дейін қала тұрғындары жол апаты жағдайында жол жүру құнының айтарлықтай өсіп кететініне шағымданған еді.