Бас прокуратурада есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланып, биылғы 7 айда тіркелген қылмыс деректері келтірілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Осы жылдың 7 айында анықталған 5 мыңнан астам есірткі қылмысының 1,5 мыңға жуығы сатумен байланысты. Қылмыстық жауапкершілікке тартылған 3 мыңға жуық адамның 700-і есірткі сатқан. Ал айналымнан тәркіленген 20 тоннадан астам есірткінің 840 килограммы – «синтетика». 22 халықаралық және 85 аймақтық есірткі арналарының жолы кесілген – делінген Бас прокуратура таратқан ақпаратта.