×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

1994 жылдан бері президент. Лукашенко 70 жасқа толды

30.08.2024, 12:33
1994 жылдан бері президент. Лукашенко 70 жасқа толды
ашық дереккөзден

Ресей президенті Владимир Путин 70 жасқа толған Беларусь президенті Александр Лукашенконы Ресей Федерациясының жоғары мемлекеттік наградасы  – қасиетті апостол Андрей Первозванныйдың орденімен марапаттады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

1994 ЖЫЛДАН БЕРІ БЕЛОРУСЬ ПРЕЗИДЕНТІ

Александр Григорьевич Лукашенко (30 тамыз 1954 ж. туған, Белоруссия, Могилев облысы Шклов ауданы) — мемлекет қайраткері, Беларусь Республикасының президенті (1994 жылдан). Могилев қаласындағы педогогикалық институтты (1975), Беларусь а. ш. академиясын (1985) бітірген. 1978 — 90 ж. аудан “Білім” қоғамының жауапты хатшысы, “Ударник” ұжымшар басқармасы төрағасының орынбасары, құрылыс комб. директорының орынбасары, Ленин атындағы ұжымшарда партия ұйымының хатшысы, “Городец” кеңшарының директоры қызметтерін атқарды.

1990 ж. БКСР Жоғары Кеңесінің депутаттығына сайланып, жемқорлық пен парақорлыққа қарсы күрес комиссиясын басқарды (1993 — 94). 1994 ж. 10 шілдеде Беларусь Республикасының президенті болып сайланды. Ол ТМД елдері басшыларының ішіндегі Кеңестік жүйені сақтап қалуға тырысушы ретінде көзге түсіп отыр. Лукашенко ішкі, сыртқы саясатта елдің тұрақтылығын сақтауға, экономиканы дамытуға үлес қосты.

Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстанмен Кедендік Одақ келісіміне қол қою арқылы ТМД елдерімен ынтымақтастық, әріптестік қатынастарды кеңейтуге, елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тырысты. Лукашенко Беларусь пен Қазақстан арасындағы интеграция қатынастардың дами түсуін қолдады. 1997 және 1999 ж. ресми сапармен Қазақстанда болды. Екінші сапары кезінде 1999 — 2008 жылдарды қамтитын эконикалық қатынастар жөніндегі келісімдерге қол қойылды.

Лукашенко Беларусьте авторитарлық режим орнатты (сайлауда әкімшілік ресурстарды пайдалану, режимнің қарсыластарына қарсы қуғын-сүргін, БАҚ бостандығын шектеу және т.б.)

Беларусь және орыстілді қоғамдарда «әке» деген лақап аты бар.

БАҚ-та тараған ақпарат бойынша Лукашенконың үш ұлы бар. 

Айта кетейік, жақында Лукашенко “Қазақстан Путинге көмектесуге ниетті емес” деп мәлімдеген болатын. Артынша Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Беларусь елшісін шақырып алып, ескерту жасады.  

СІМ НЕ ДЕЙДІ

Сыртқы істер ведомствосы ресми сайтының жазуынша, Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің Беларусь Республикасының Елшісі Павел Утюпинмен кездесуі барысында Қазақстан-Беларусь екіжақты деңгейдегі, сондай-ақ көпжақты ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

Атап айтқанда, министр Қазақстан БҰҰ Жарғысына және халықаралық құқықтың негізін қалаушы нормаларына сәйкес теңгерімді және бейбітшіл сыртқы саясат жүргізіп жатқанын ерекше атап өтті. Еліміз мемлекеттер арасындағы барлық келіспеушіліктер саяси және дипломатиялық жолдармен шешілуі тиіс екеніне нық сенімді, – делінген хабарламада.

Қазіргі геосаяси жағдайда Мемлекет басшысы жүргізіп жатқан еліміздің сыртқы саяси бағыты өзінің тиімділігін көрсетті.

Осыған байланысты министр Беларусь тарапын қазіргі процестерге қатысты Астананың ұстанымын объективті бағалауға шақырды.

НЕ БОЛҒАН ЕДІ

Еске салсақ, бұған дейін Беларусь Президенті Лукашенко «Россия» телеарнасына берген сұхбатында:

Біз кейбір посткеңестік мемлекеттер сияқты түлкібұлаң саясат ұстана алмаймыз. Олар Ресейден бірдеңе алғысы келеді. Бірақ оның орнына ештеңе бермейді. Олай болмайды. Бірге болайық!

Ресейге келіп, қолдау мен көмек сұраған уақыттан көп ұзаған жоқпыз. Мысалы, Қазақстанда бір оқиға болды. Қазақстан кімнен көмек сұрады? Қытайдан ба, Үндістаннан ба? Әлде Пәкістаннан ба? Жоқ! «Путин, Лукашенко, көмектесіңіз», - деді. Сонан соң, түске дейін-ақ, біздің ұшақтар Қазақстанға қонды. Сөйтіп бәрі тынышталды, – деген болатын.