×
487.37
532.94
5.09
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
487.37
532.94
5.09

Бишімбаевтың інісі сотқа берген арызын қайтарып алды

02.09.2024, 18:58
Бишімбаевтың інісі сотқа берген арызын қайтарып алды

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың төрт жылға сотталған туысқан інісі Бақытжан Байжанов Жоғарғы сотқа берген өтінішін қайтарып алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
 

Сол себепті ол қаралмайды. Бұл туралы Жоғарғы сот хабарлады.

26 тамызда Байжанов сот актілерін қайта қарау туралы кассациялық өтінішін қайтарып алды, сондықтан өтініш алдын ала қаралмайды. Өтінішті қайтару туралы бұйрық 2024 жылғы 4 қыркүйекте шығады, - делінген сот таратқан хабарламада.

Өтінішті не себепті кері қайтарып алғаны айтылмады.

Еске салайық, Бақытжан Байжанов аса ауыр қылмысты жасырды деген айыппен 4 жылға бас бостандығынан айырылған. Ал сол қылмысты жасаған, яғни әйелін азаптап өлтірген үшін айыпты деп танылған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталған. Экс-министрдің апелляциялық шағымы да қанағаттандырылған жоқ. Қазір ол жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтеп жатыр.