×
480.63
535.13
5.27
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.63
535.13
5.27

Ұлттық ұланның генерал-майоры Воронкин ұсталды

04.09.2024, 17:17
Коллаж: ulysmedia.kz.

Оның ұсталғанын Ішкі істер министрлігі растады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– ІІМ Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы орынбасарының құқыққа қайшы әрекет жасады деген күдікпен ұсталғанын растайды. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттерін құзыретті органдар ІІМ-мен бірлесіп жүргізуде, – делінген хабарламада.

Министрлік өз қатарында сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне төзбейтін принципті ұстанымын білдіреді, осыған байланысты қолданыстағы заңнама аясында объективті және жан-жақты тергеу жүргізілетін болады делінген хабарламада.

Константин Воронкин қызметтік жолын Шымкент қаласында взвод командирінен бастаған. Кейін құқықтық тәртіп әскерінде техника және қару-жарақ бағыты бойынша түрлі лауазымдарда қызмет еткен. 2011 жылдан бастап Ішкі әскерлер, бұдан соң Ұлттық ұлан бас қолбасшылығында техника және қару-жарақ басқармасына басшылық жасап келген.