×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Сұлтанов тілшілердің сұрағына жауап бермей Мәжілістен қашып шықты

24.11.2021, 10:07
Фото: Ulysmedia.kz

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов тілшілердің сұрақтарына толық жауап бермей, Мәжіліс ғимаратынан асығыс шығып кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Өзі баян еткен заң жобаларын қорғағаннан кейін министр Мәжілістің кулуарына шыққан. Оны қоршаған он шақты тілшіге бір жерде тұрып, сұрақтарына жауап беруді министр жөн көрмеген секілді.

«Азық-түлік бағасы не болады?»

«Нұрсұлтан Назарбаевтың партия төрағалығынан кетуін қалай бағалайсыз?»

«Сауда биржасы туралы толығырақ айтып берсеңіз»

Осындай көп сұрақтың кейбіріне жауап бергенімен тілшілердің бәрі министрге сауал қойып үлгермеді. Бақыт Сұлтанов асығыс киініп, Мәжіліс ғимаратынан қашып шықты.

«Сұрақты бере бересіз, бере бересіз, жазып беріңіз, мен айтып беремін», - деді кетерінде министр.

Серіктес жаңалықтары