×
487.37
532.94
5.09
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
487.37
532.94
5.09

Маңғыстаудағы сарбаз өлімі: Кісі өлтіру дерегі бойынша тергеу басталды

08.09.2024, 19:03
Маңғыстаудағы сарбаз өлімі: Кісі өлтіру дерегі бойынша тергеу басталды
Бас әскери прокуратура

Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы қасақана кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Бас әскери прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2024 жылғы 7 қыркүйекте сағат 17:10 шамасында Ақтау қаласындағы ҚР ҚМ әскери бөлімдерінің бірінің взвод командирі «Оймаша» полигонының аумағында ПМ табельдік тапаншасынан қатардағы Б-ға оқ атып, соңғысы қайтыс болды. Сол күні Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы қасақана кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады (ҚК 99-бабының 1-бөлігі), делінген хабарламада.

Тергеу органы күдіктіні ҚПК-нің 128-бабы тәртібімен ұстады және Ақтау қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алды.

Қажетті кешенді тергеу амалдары жүргізілуде, қылмыстың себептері мен өзге де мән-жайлар анықталуда.

Іс бойынша процестік прокурор тағайындалды.

Тергеу барысы Бас әскери прокуратураның ерекше бақылауына алынды.

Қылмыстық процестік кодекстің 201-бабына сәйкес басқа мәлімет жарияланбайды, делінген Бас әскери прокуратураның хабарламасында.