×
479.05
534.57
5.17
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
479.05
534.57
5.17

Алматыда атышулы «Алтын орда» базары өртенді

Фото: видеодан скрин

Алматыдағы атышулы «Алтын орда» базарында бірнеше нысан өртенді. Төтенше жағдайдың бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарап жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Алматы қаласы ТЖД мәліметіне сәйкес, базар аумағындағы бос тұрған ғимараттан от шыққан. Құтқарушылар оқиға орнына 9:20-да аттанған.

9 қыркүйек 9 сағат 20 минутта Алматы қаласының ТЖД күш-құралдары Наурызбай ауданы Ташкент тасжолы, 17/1 мекенжайына жіберілді. Келген сәтте жұмыс істемейтін үй-жайдың шатыры өртенгені және от оның жанындағы ломбард шатырына таралғаны анықталды. Өрт орнынан 1 газ баллоны (50 л) эвакуацияланды, — деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

15 минуттың ішінде өрт оқшауланып, 09:48–де жойылды. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. 

Өрттің себебі анықталып жатыр.

Сауда орындарына жақын болғандықтан оқиға орнына жеке құрамның 48 құтқарушысы және 14 техника жіберілген.

Еске салсақ, бұған дейін «Алтын Орданың» саудагерлері бұрынғы басшылықты қамауға алуды сұраған болатын.