×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Тайм-аут аламыз»: Дүйсенова журналистің Үкіметке кіргізілмеуінің мән-жайын білуге уәде берді

10.09.2024, 15:13
«Тайм-аут аламыз»: Дүйсенова журналистің Үкіметке кіргізілмеуінің мән-жайын білуге уәде берді
Коллаж Ulysmedia

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова бүгінгі баспасөз мәслихатында журналистерге Үкімет ғимаратында шектеудің неге көбейгенін біліп беруге уәде берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Журналистер аккредиттеудің жаңа ережелері 27 тамызда ғана күшіне енгеніне қарамастан, Дүйсенованың алдында жұмыста қиындықтарға тап бола бастағанын ашық айтты. Шектеудің "жарқын" үлгісі – журналист Жәния Уранқаеваның 2024 жылдың соңына дейін үкімет ғимаратына кіре алмауы. 

Тамара Дүйсенова мұндай ережелер "жақсы өмірден емес, қауіпсіздік талабы екенін" айтады.

– Біріншіден, қазір жұмыс істеген ережелерді мен әріптестерімізбен бірге зерттеп көрейін. Олар бәрі жақсы болғаннан кейін осындай қадамға барып отырған жоқ. Бұл қауіпсіздік талабы. Мен, бәлкім, ТЖМ және басқа да әріптестеріміздің талаптарын қатаңдатқан ба деп ойлаймын, – деп атап өтті премьер-министрдің орынбасары.

Дүйсенова да бұл мәселенің анық-қанығына жетуге уәде берді, ал әзірге журналистерден бір апта тайм-аут беруін өтінді.

– Онда бір апта тайм-аут алайық. Ол қандай заңдар бойынша, қандай талаптарға байланысты енгізілгенін зерттеуім керек. Содан кейін, бәлкім, сіз бен біз осында (Үкіметте) немесе Мәдениет және ақпарат министрлігінде құрылымдық бөлімшемен бірге мұны талқылаймыз. Сондықтан қазір тайм-аутты алып жатырмыз, - деп түйіндеді ол. 

Журналистерді аккредиттеудің жаңа ережелері 

Еске сала кетейік, Қазақстанда журналистерді аккредиттеудің жаңа ережелері күшіне енген. 3 қыркүйекте Үкімет БАҚ-ты елемей, журналистерді отырысқа шақырған жоқ. Ал 6 қыркүйекте журналист Жәния Уранқаева ерекше қорғалатын нысанда "ішкі ережелердің бұзуына байланысты" Үкіметке жіберілмегені жөнінде хабарлама алды.

Айта кетейік, бұған дейін "Ашық НҚА" порталында Мәдениет және ақпарат министрлігінен журналистерді аккредиттеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы бұйрық жобасы жарияланған болатын.

Құжатқа сәйкес, егер олар ресми іс-шараларда алынған ақпаратты аккредиттелген басылымдарда ғана жарияламаса, журналистер аккредиттеуден айырылуы мүмкін. Мысал ретінде әлеуметтік желілерді келтіруге болады.

Бұл ретте іс-шаралар ұйымдастыратын ұйымдар өздерінің аккредиттеу ережелерін белгілей алады.