×
484.11
528.79
5.03
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
484.11
528.79
5.03

Он бір адамға жетті: Алматыда күйдіргі жұқтырғандар көбейіп барады

11.09.2024, 01:05
Он бір адамға жетті: Алматыда күйдіргі жұқтырғандар көбейіп барады
Әлеуметтік желіден

Алматы облысында күйдіргі жұқтырған адам саны артып барады Алматы облысында күйдіргі жұқтырғандардың саны күннен күнге артып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Соңғы дерек бойынша, қауіпті дертке шалдықты деген күдікпен 16 адам ауруханаға түскен. 11-нің сынамасы оң нәтиже көрсетіпті. Денесін жара басқан науқастар қазір дәрігерлердің жіті бақылауында. Індет ошағына айналған Үлкен Ақсу ауыл округіне карантин енгізілген. Ауыл сыртында екі блокбекет қойылған. Әрбір іштен сыртқа, сырттан ішке келетін көліктердің бәрі  іші-сырты тексеріліп, кейін дөңгелек залалсыздандыратын арнайы жермен өткізеді.

“Бүгінде 13 мың шаршы метр жайылымды алқап пен 1450 шаршы метр қора жайға дизинфекция жасалды. Үлкен Ақсу ауыл округінде 5952 бас ірі қара, 2709 ұсақ мал, 323 бас жылқы жануары Сібір жарасына қарсы егілді,”- деді ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Ұйғыр ауданы аумақ инспекция басшысы Арслан Тохтиев.

Дәрігерлер де күнде ауылдағы әрбір үйді аралап, тұрғындарды тексеріп жүр. Күйдіргі пайда болғаннан бері дене қызуы көтеріліп, тері қабатында жарасы бар 12 адамды ауруханаға жатқызған. 

“Олар дәрігерлердің қатаң бақылауында, байланыста болған науқас саны — 42. Үйде, қатаң бақылауда. 14 тәулік болады. Күн сайын дене қызуын, тері қабатын байқап, медицина қызметкерінің бақылауында болмақ,”- дейді Ұйғыр ауданы орталық ауруханасы директорының уақытша міндетін атқарушы Қуаныш Байкөбесов.

Тағы екі науқас қазір Алматыда емделіп жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, біреуінің жағдайы ауыр, ол жансақтау бөліміне түсіпті. Ауылда ірі қара малды сойып, ең алғаш күйдіргіні жұқтырған да солар болатын.