×
480.61
534.53
5.28
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.61
534.53
5.28

Жол жабылады - алматылықтарға ескерту

14.09.2024, 00:30
Әлеуметтік желіден

Демалыс күні Алматыда орталық көшенің бір бөлігі жабылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

15 қыркүйек жексенбіде Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының алдында гала-концерт өтеді. Іс-шараға байланысты әкімдік уақытша шектеу туралы ескертілді.

17:00-ден 23: 00-ге дейін Абылай хан даңғылынан Назарбаев даңғылына дейін Қабанбай батыр көшелері жабылады.

Гала-концерт қала күніне орай өтеді. Халық әртістері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері өнер көрсетеді. Сондай-ақ, 91-ші театр маусымының басталуына орай кнту қонақтар мен қала тұрғындары үшін жарық шоуын өткізеді.

Осыған байланысты кептеліске тап болмас үшін Алматы тұрғындары мен қонақтарынан уақытын алдын-ала жоспарлауды сұрайды қала әкімдігі. 

Серіктес жаңалықтары