×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Қолшатырыңыз дайын ба - синоптиктер ескертеді

14.09.2024, 01:45
Қолшатырыңыз дайын ба - синоптиктер ескертеді
Ашық дереккөзден

"Қазгидромет"   синоптиктері 2024 жылдың 14, 15 және 16 қыркүйегіндегі ауа райынан еліміздің үш ірі қаласына ауа-райы болжамын жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Астана

14 қыркүйек: көшпелі бұлтты, аздаған жаңбыр. Түнде және таңертең жеңіл тұман. Солтүстік-шығыстан жел түнде 2-7, күндіз 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде +7+9°, күндіз +19+21°.

15 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +6+8°, күндіз +18+20°.

16 қыркүйек: көшпелі бұлтты, түнде жаңбыр. Солтүстік-шығыстан 9-14, түнде екпіні 15-18 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +5+7°, күндіз +11+13°.

Алматы

14 қыркүйек: көшпелі бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +7+9°, күндіз +17+19°.

15 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жеңіл жел болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде +8+10°, күндіз +20+22°.

16 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +10+12°, күндіз +22+24°.

Шымкент

14 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8-13, күндіз екпіні 15-20 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +12+14°, күндіз +28+30°.

15 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +12+14°, күндіз +28+30°.

16 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жеңіл жел болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде +13+15°, күндіз +27+29°.