×
481.84
531.33
5.07
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.84
531.33
5.07

ҚМА-ны бұрынғы ҰҚК қызметкері басқарады

16.09.2024, 15:58
ҚМА-ны бұрынғы ҰҚК қызметкері басқарады
ашық дереккөз

Мемлекет басшысының Жарлығымен Жанат Элиманов Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
 

Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Жанат Элиманов бұған дейін ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары болған.

БІЛІМІ

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті;
Қазтұтыну одағының Қарағанды экономикалық университеті.
«Ерлігі үшін» медалімен және «Құрмет» орденімен наградталған.
2022 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 3-санаттағы жоғары біліктілік сыныбы берілді.
2024 жылы ҰҚК Төрағасының бұйрығымен ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры болып танылды.

МАНСАП ЖОЛЫ

2000 – 2009 жылдары - прокуратура органдарында әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды;
2009 – 2012 жылдары - Әділет министрлігінде басшылық лауазымдарда қызмет атқарды;
2012 – 2014 жылдары - Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде басшылық лауазымдарда қызмет атқарды;
2014 – 2017 жылдары - Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Жедел-іздестіру қызметі департаментінің директоры;
2017 – 2019 жылдары - прокуратура органдарында басшылық лауазымдарда қызмет атқарды;
2019 – 2020 жылдары - Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитеті төрағасының орынбасары;
2021 – 2024 жылдары - Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы;
2024 жылғы ақпаннан бастап - Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасары.

Тоқаев бұған дейін ҰҚК төрағасының екі орынбасарын орнынан алып тастаған болатын.