×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

1 теңге қарыз. Шотыңыз қандай жағдайда бұғатталады?

17.09.2024, 18:44
1 теңге қарыз. Шотыңыз қандай жағдайда бұғатталады?
ашық дереккөз

Биыл 1 теңге берешек үшін 122 мыңнан астам азаматтың шоты бұғатталған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚАНДАЙ ӨЗГЕРІС БОЛМАҚ

Қазақстанда салық пен әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу тәсілдері қайта қаралады. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді.

Шенеунік мәжіліс кулуарларында атап өткендей, қазір шоттар салық бойынша қарыз 6 АЕК немесе 22 мың теңгеден астам сомада ғана бұғатталады.

Ал медициналық сақтандыру, әлеуметтік сақтандыру, зейнетақы қатарлы әлеуметтік төлемдер бойынша берешек 1 теңгеден асатын болса, шаралар қабылданады. Енді жаңа тәсілдер аясында біз қарыз сомасын саралайтын боламыз. Біз салықтар бойынша шекті 20 АЕК-ке дейін (2024 жылы 74 мың теңге) және әлеуметтік аударымдар бойынша 6 АЕК-ке дейін (22 мың теңге) көтеруді ұсынамыз. Егер қарыз аз болса, онда біз шоттарды жаппаймыз. Біз оған (борышкерге) қарызы бар екендігі туралы хабарлама жолдаймыз. Күн сайын өсімпұл есептеледі, - деді Біржанов. 

ЕНДІ ШОТ ҚАНДАЙ ЖАҒДАЙДА БҰҒАТТАЛАДЫ

Вице-министрдің мәліметінше, биыл 1 теңге берешек үшін 122 мыңнан астам азаматтың шоты бұғатталған. 

20-дан 45 АЕК-ке дейінгі (74-тен 166 мың теңгеге дейін) берешек кезінде төлеушіге хабарлама жіберілетін болады. Қарызды өтемеген жағдайда салық берешегінің сомасына шығыс операциялары тоқтатыла тұрады. Егер қарыз сомасы 45 АЕК-тен асатын болса, онда салық төлеушінің шоттары ғана емес, мүлігі де бұғатталады.