×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Қазақ тілін қазақша сөйлейтіндер құртып жатыр - журналист

18.09.2024, 17:50
Қазақ тілін қазақша сөйлейтіндер құртып жатыр - журналист
Ашық дереккөз

Белгілі журналист Жанар Байсемізова әлеуметтік желідегі парақшасында қазақ тілін қазақша сөйлейтіндер құртып жатыр деген пікір жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ОЛАРДЫҢ БАСЫ АУЫРМАЙДЫ

Менің жүрегімді ауыртатын дүние – қазақ тілді қазақтардың «мынау неге орысша қосып сөйлеп кетті, екі сөзінің бірі орысша, не бәле бұл?» деп ойланбайтындары. «Қазақша кино-сериалдарда неліктен екі сөздің бірі орысша кетеді?» деп басы ауырмайтындары. Бұл жайында мүлдем жаны ауырмайтындары – дейді журналист.

ПУТЕКЕҢ ӘКІРЕҢДЕП ОТЫРҒАН ЖОҚ

Ол қазақша сөйлеу қазақтарға ғана қатысты екенін айтады.

70 жыл бізді езді, жаншыды, тілімізді құртты-сұртты деп, көршімізге тіс қайрау бекер. Қазақты құртқан қазақ, қазақты құртатын да қазақ. Әйтпесе дәл қазір Путекең (Владимир Путин – ред) отырып, «тойларыңда да, киноларыңда да орысша қосып сөйлеңдер» деп әкіреңдеп отырған жоқ – деді ол.

ҚАНДАСТАРДЫҢ ДА ТІЛІ ШҰБАР

Сонымен қатар ол әлеуметтік желідегі белсенді блогерлер де бұл тұрғыда ойланып әрекет етуі керек дейді. Одан бөлек ол шеттен келген қандастардың да тілі шұбарланып бара жатқанына тоқталды.

Қытайдан, Моңғолиядан келген қазақтарымыз таза қазақша сөйлейді деп тамсанатын едік, олардың да тілі шұбарланған үстіне шұбарланып барады – дейді журналист.