×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ресейдің Курск облысындағы қарсы шабуылы тойтарылды – Украина

18.09.2024, 18:44
Ресейдің Курск облысындағы қарсы шабуылы тойтарылды – Украина

Ресейдің Курск облысында құрылған комендатура төрағасы Алексей Дмитрашковский Украина күштері Ресейдің аймаққа жасаған қарсы шабуылын тоқтатқанын мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚАРЫМТА ШАБУЫЛ

«Ресей әскері қапталдан шабуылдамақ болды, бірақ біз оларды тоқтаттық, қазір жағдай тұрақталды. Бүгін бәрі біздің бақылауымызда, олар сәтсіздікке ұшырады» деп келтіреді AFP агенттігі Дмитрашковскийдің сөздерін.

БЕЙБІТ ТҰРҒЫНДАР

Сондай-ақ ол Украина қарулы күштері басып алған аймақта мыңдаған ресейлік азамат барын, кей елдімекенде жүздеп қалғанын айтады.

АҚПАРАТТЫҚ СОҒЫС

Соғыс жағдайында қай тараптың да ақпаратының рас-өтірігін анықтау қиын. Кеше Ресей қорғаныс министрлігі Курс облысындағы шабуылдарда әскер алға жылжып келе жатқанын хабарлаған. Алайда қандайда бір елдімекен азат етілгенін келтірмеді.

БҰҒАН ДЕЙІН

The Wall Street Journal газеті Украинадағы соғыс басталған екі жарым жылда қаза тапқандар мен. жараланғандар саны миллионнан асқаны жөнінде дерек жариялағанын жазғанбыз.

БІР БІРІНЕН АЛШАҚ САНДАР

Басылым соғыстағы Украинаның адам шығынын 80 мың, Ресейдің шығынан 200 мың деп келтіреді. Жараланғандар екі жақтан да шамалас – 400 мыңның о жақ, бұ жағы.

Газет Украинаның шыңындарына қатысты деректерді құпия үкіметтік бағалауға сілтесе, Ресейдің шығындары туралы ақпаратты батыстық барлау қызметтері ұсынғанын айтады.

Алайда соғыс жағдайында бұл деректердің растығына көз жеткізу қиын. Әрі кейде тараптар келтірген деректер бір-бірінен тым алшақ.

Соғысып жатқан қос тарап әскери шығындары туралы айта бергенді құп көрмейді. Соғыс басталғалы қаза тапқан жауынгерлердің есебін жүргізіп келе жатқан ВВС мен «Медиазона» басылымдары тексеріп растаған соңғы дерегінде осы уақытқа кейін кемі 69059 адам қаза тапқанын, бұл – бірнеше есе көп болуы мүмкін екенін хабарлаған.