×
487.37
532.94
5.09
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
487.37
532.94
5.09

Самокатшылардың енді жаяулар жолындағы жылдамдығы тіркеле бастайды

19.09.2024, 10:29
Самокатшылардың енді жаяулар жолындағы жылдамдығы тіркеле бастайды
Фото: Ашық дереккөзден

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха елдегі самокатшылардың қозғалысы қалай реттеліп жатқанын айтып берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚАНША САМОКАТШЫ ЖАЗАЛАНДЫ

– Заң күшіне енгеннен кейін шерингті компаниялардың иелері жаяу жүргіншілер жолындағы самокаттардың жылдамдығын өздері реттейтінін уәде еткен. Қазір автоматтандырылған тіркеу құралдарынан олардың жаяу жүргіншілер жолындағы жылдамдығын тіркеуді талап етіп жатырмыз. Шынын айту керек, әзірге ондай тіркейтін құралдар бізде жоқ. Сол себепті бұл толығымен шерингті компаниялардың міндеті, – дейді Лепеха Сенатта.

Егер самокатшы жаяу жүргіншілер жолында жылдамдықты асырса, әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 2-3 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

– Біз жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігі мәселесін талқылаған кезде әкімдіктер өз құзіретімен белгілі бір күндері немесе белгілі бір жерде самокаттардың қозғалысын шектеуге талап қоя алады деген әңгіме болған. Мәселен, әкімдіктер жексенбі күндері саябақтарда самокаттардың қозғалысына шектеу қоя алады. Самокаттар туралы біз енгізген заң 30 тамыздан бастап күшіне енген. Бұл – осы мәселелерді реттеу бағытында жасалған алғашқы қадам. 1 қаңтардан бастап 30 мың ээлеткросамокатшыны жазаладық. Олардың ішінде 9 мыңы мас күйде болған және оның ішінде қарама-қарсы бетке шығып кеткен жасөспірімдер бар. Бұл жұмысты жалғастыру керек, – дейді ол.

СТАТИСТИКА

Бұған дейін ресми статистика деректері жарияланып, жыл сайын республикада 200 мың бала жарақат алатыны жөнінде ақпарат тараған. Оның ішінде жол-көлік оқиғалары кезінде балалардың қайтыс болуының негізгі факторларының ішінде жүргізушілер тарапынан жол қозғалысы ережесінің бұзылуы, велосипедтер мен самокаттарға арналған шлемді қоса алғанда жеке қауіпсіздік құралдарының жоқтығы бар.