×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Келесі аптада Камала Харрис пен Владимир Зеленский кездесетіні хабарланды. Бұл неге маңызды?

19.09.2024, 12:50
Келесі аптада Камала Харрис пен Владимир Зеленский кездесетіні хабарланды. Бұл неге маңызды?
коллаж

Үш бірдей дереккөздің айтуынша, алдағы аптада АҚШ вице-президенті Камала Харрис пен Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездеспек, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz.

БҰЛ НЕГЕ МАҢЫЗДЫ

CNN кездесу АҚШ-тағы сайлау нәтижесі Украинадағы соғыс пен АҚШ-тың Украинаға қатынасына қалай әсер етеді деген алаңдаушылық туып тұрған жағдайда өтпек деп жазды.

Ұлттық қауіпсіздің кеңесінің төрағасы Джон Кирби журналистердің Харрис келесі аптада Зеленскиймен кездесе ме деген сұрағына, “ондай мүмкіндік туса, оны жасайды” деп жауап қатқан.

ЖОҚҚА ШЫҒАРМАДЫ

– Оның (Харристің – ред) президент Зеленскиймен бір-екі рет бетпе-бет кездескенін, онымен телефонмен әңгімелескенін білемін. Мүмкіндік туса, олар тағы сөйлесе алатынына күмәнім жоқ, оны істейді де, тек сізге оның (Харристің – ред) қызметкерімен сөйлесу керек, – деді Кирби журналистерге.

Кирби дүйсенбіде Харрис Ақ үйде президент Джо Байденмен бірге Таяу Шығыстағы шиеленісті жағдайды, Судандағы дағдарысты, екі жақты әрі аймақтық мәселелерді талқылау үшін Біріккен Араб Әмірліктерінің әмірімен кездесетінін жеткізді.

НЕ ТАЛҚЫЛАНУЫ МҮМКІН

Кездесуде Зеленский Байденге көрсеткелі отырған өзінің “Жеңіс жоспарын” таныстырмақ.
 

ХАРРИСТІҢ МҮМКІНДІГІ

Камала Харрис – президент Джо Байден президенттік додадан түсіп қалғаннан кейін АҚШ президенттігіне демократиялық партия атынан ұсынылған кандидат. Ол саяси жарысқа орта жолдан қосылғандықтан, оның жеңіске мүмкіндігі аз делінген. Алайда соңғы өткен телевизиялық дебатта сарапшылар басымдықты Харриске беріп, оның президент атану мүмкіндігі әлі де барын айтады. Харрис соғыс жағдайында Украинаға қолдау көрсетуді жалғастыра беруді жақтайды.