×
478.96
533.03
5.22
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
478.96
533.03
5.22

Украина vs Ресей. Бір түнде 42 дрон жойылды

Бүгін, 16:30
ашық дереккөз

Бейсенбіге қараған түні Украина әскері Ресей жіберген 42 дронның барлығын атып түсіріп, әуе шабуылына тойтарыс берген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл жөнінде 19 қыркүйекте таңертең Украина әуе күштері хабарлады.

Азаттықтың мәліметіне қарағанда, әуе шабуылына қарсы жүйе Винницк, Днепропетровск, Житомир, Киев, Кировоград, Николаев, Ровно, Черкасск, Херсон облыстарында іске қосылған. Бұған қоса, бір қанатты ракета құлатылған.

Ақпаратты тәуелсіз дереккөздер әзірге растаған жоқ. Мәскеу ақпаратқа түсініктеме бермеді.

Украинада түнде қандай да бір нысанға дрон немесе ракета түскені жөнінде ақпарат айтылған жоқ.