×
490.84
536.88
5.04
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
490.84
536.88
5.04

Аягөз гарнизоны әскери қызметкердің қазасын растады

20.09.2024, 10:37
Аягөз гарнизоны әскери қызметкердің қазасын растады
Коллаж Ulysmedia.kz

Абай облысы Аягөз ауданында орналасқан 10810 әскери бөлімде жас әскери қызметкердің қазасы ресми расталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

РЕСМИ ХАБАРЛАМА

“19 қыркүйекте жұмыстан тыс уақытта Аягөз гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде қызмет ететін офицердің денесі үйінен табылды.    
Алдын ала ақпарат бойынша офицер өзіне-өзі қол жұмсаған. Оқиғаның жай-жапсары анықталуда. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.      
Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы әскери қызметшінің туған-туыстарына көңіл айтады.” делінген Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

БҰҒАН ДЕЙІН

Қорғаныс министрлігіне қарасты Абай облысы Аягөз ауданында орналасқан 10810 әскери бөлімінде жоғары оқу орнын бітіріп, әскери кафедрадан кейін барған әскери қызметкер көз жұмғанын хабарлағанбыз. Әскери бөлім оның туған-туыстарына жас жігіт асылып қалғанын айтқан

– Ол Қызылордада университетте оқыған. Сол жерде әскери кафедраны бітірген. Запастағы лейтенант болып шыққан. Осы жылдың 7 қыркүйегінде әке-шешесі, әжесі, атасы – барлығы жолға шығарып салған. 9 қыркүйекте жұмысын бастағанын хабарлаған. 

Аягөзде оны екі жылға қызметке шақырған еді. Бір сағат бұрын суыт хабар келді. Асылып қалған дейді. Командирдің орынбасары солай айтты. Бұл жақта күмән туады. Кеше ғана барған адам қалайша асылып қалады? – дейді әскери қызметкердің жездесі Дархан.

10810 әскери бөлімі Абай облысы Аягөз қаласында орналасқан.

АРМИЯДАҒЫ ӨЛІМ

Өкінішті-ақ, кейінгі жылдары «армияда көз жұмды» деген бір сарбаздың топырағы суымай жатып, екіншісі жан тапсырып жатыр. Өте қауіпті, үрейлі үрдіс! Қазір жұрт баласын армияға жіберуден қорқып қалған. Күні кеше ғана «Оймаша» полигонында оққа ұшқан әкенің «жалғыз ұлымнан айырылдым» деп шырылдаған үні бүкіл қоғамды тағы дүр сілкіндіріп, осы үрейді үдете түскен. 

Ulysmedia.kz порталы Ұлттық ұлан, Қорғаныс министрлігі мен ҰҚК Шекара қызметінде кейінгі жылдары қанша сарбаз, қанша әскери қызметкер көз жұмғанын бұған дейін сұраған еді. Осы ведомстволардың ішінде Қорғаныс министрлігі нақты мәлімет бермеген.