×
479.05
534.57
5.17
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
479.05
534.57
5.17

Путин ядролық нысандарға соққы жасауды жоспарлап отыр –  Украина СІМ дабыл қақты

Фото: ЖИ/Ulysmedia

Украинаның Сыртқы істер министрі Андрей Сибига Ресей ядролық нысандарға соққы жасауды жоспарлап отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Украина СІМ басшысы Біріккен Ұлттар Ұйымы мен одақтастарды елдің атом станцияларында тұрақты бақылау миссияларын құруға шақырды.

СОҚҚЫ БЕРУГЕ ДАЙЫНДАЛЫП ЖАТЫР

Украиналық барлаудың мәліметінше, Кремль қыс қарсаңында Украинаның ядролық энергетикасының маңызды нысандарына соққы беруге дайындалып жатыр. Атап айтқанда, біз атом энергетикасының қауіпсіз жұмыс істеуі үшін маңызды болып табылатын АЭС-тің ашық тарату құрылғылары мен тарату қосалқы станциялары туралы айтып отырмыз, - деп жазды ол.

ТЕРРОРЛЫҚ ӘРЕКЕТ

Украина Президенті Әкімшілігінің басшысы Андрей Ермак Батыс елдері Ресейдің террорлық әрекетке дайындалуына қатаң жауап беруі керек деп санайды, өйткені оның айтуынша, Ресей –террористік ел. Ол мұны ядролық апаттың ықтимал сценарийіне дайындық деп атады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ресей Сумы облысына жаппай соққы жасап, соққылардың бірі Қарттар үйіне тигенін хабарлағанбыз.