Британиялық Times газеті Украинаның АҚШ президенті Джо Байденге көрсеткелі отырған «Жеңіс жоспарының» мазмұны туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Times мәліметінше, Владимир Зеленский Джо Байденге ұсынатын жоспар негізгі төрт бөлімнен тұрады.
- батыстың ел қауіпсіздігіне кепіл болуы туралы, НАТО-ға мүшелікке өту жағдайында бірлесе қорғану туралы өтініш;
- аумақтық мүмкіндік ретінде Украинаның Ресейдегі Курск облысына шабуылын жалғастыру;
- белгілі бір заманауи қаруларды беру туралы өтініш;
- Украинаның қираған экономикасы үшін халықаралық қаржылық көмек.
Зеленский Байденмен кездескенге дейін жоспардың мәнін толық айтпайтынын айтып, жоспарды Байденнен бөлек президенттікке үміткер қос кандидатқа да көрсететінін жеткізген.
Сондай-ақ Зеленский Байденнен президент сайлауында Дональд Трамп жеңсе, Украинаны тиімсіз бейбітшілік келісіміне мәжбүрлемейтін «қауіпсіздік кепілін» талап етпек.