×
511.22
540.05
4.73
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
511.22
540.05
4.73

Адамдарды 55 млн теңгеге алдаған алаяққа 3 жыл жаза мерзімі кесілді

25.09.2024, 17:18
Адамдарды 55 млн теңгеге алдаған алаяққа 3 жыл жаза мерзімі кесілді
Ашық дереккөз

Астана қаласының тұрғыны өзін банк қызметкерімін деп таныстырып, адамдарды алдап келген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Елорда сотының мәліметінше, ол өзін «Отбасы банк» АҚ арқылы бастапқы жарнасыз ипотекалық тұрғын үй сатып алуға көмектесу мүмкіндігі бар екені туралы ақпарат таратқан.

ЖАРЫЛҚАУШЫ

Мысалы, құқықбұзушы танысына банктен аукционда сатылатын тыйым салынған үш бөлмелі пәтерді ипотекаға сатып алуды ұсынған.

Аукционға қатысу үшін 630 мың теңге сұраған.

Біраз уақыттан кейін ипотека рәсімдеу үшін шот ашып, 11 млн теңге көлемінде ақша қаражатын салу қажеттігін хабарлаған.

14 МЛН ТЕҢГЕ 

Осыған ұқсас сылтаулармен өзінің танысын алдап, сенімін теріс пайдалана отырып, жалпы сомасы 14 млн теңгеден астам ақшаны алаяқтық жолмен иемденген.

Оның қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде 22 жәбірленушіге 55 млн теңгеден астам материалдық шығын келтірілген.

ҮКІМ

Кінәлі тұлға 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Жәбірленушілердің азаматтық талап арыздары қанағаттандырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Прокуратура азаматтарды тек уәкілетті ұйымдарға жүгінуге шақырады және алаяқтық жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп 10 жылға дейін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.