×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Зеленскийдің жаңа ұсыныстары Ақ үйді "таңғалдыра алмағаны" хабарланды

26.09.2024, 14:20
Зеленскийдің жаңа ұсыныстары Ақ үйді "таңғалдыра алмағаны" хабарланды
Ашық дереккөз

АҚШ презеиденті Джо Байденнің әкімшілігі Украина ұсынып отырған «Жеңіс жоспарына» көңілі толмаған. Wall Street journal басылымының жазуынша, бұл туралы құжатпен таныс жоғары лауазымды шенеуніктердің бірі айтқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«ЖАҢА НӘРСЕ ЖОҚТЫҢ ҚАСЫ»

Байден әкімшілігі “Жеңіс жоспарында” ауқымды ештеңе жоқ екеніне алаңдаушылық білдірген. Ұсыныстар негізінен көбірек қару мен алыс қашықтыққа ұшатын зымырандарды қолдануға рұхсат сұраудың айналасында.

«Мені таңғалдырмады, ол жерде жаңа нәрсе жоқтың қасы» дейді басылым дереккөзі.

WSJ-мен әңгімелескендер Зеленскийдің ұсыныстары ымыраға келмейтін талаптар екенінін, дипломатия мен саясатқа арналған бөлімдер егжей-тегджейлі жазылмағанын, тек қару беруді сұраған тұстары көп екенін жеткізген.

«ЖЕҢІС ЖОСПАРЫНЫҢ» МӘНІ

Бұған дейін британиялық Times газеті Украинаның АҚШ президенті Джо Байденге көрсеткелі отырған «Жеңіс жоспарының» мазмұны туралы ақпарат таратқан.

Times мәліметінше, Владимир Зеленский Джо Байденге ұсынатын жоспар негізгі төрт бөлімнен тұрады.

- батыстың ел қауіпсіздігіне кепіл болуы туралы, НАТО-ға мүшелікке өту жағдайында бірлесе қорғану туралы өтініш;

- аумақтық мүмкіндік ретінде Украинаның Ресейдегі Курск облысына шабуылын жалғастыру;

- белгілі бір заманауи қаруларды беру туралы өтініш;

- Украинаның қираған экономикасы үшін халықаралық қаржылық көмек.

Зеленский Байденмен кездескенге дейін жоспардың мәнін толық айтпайтынын айтып, жоспарды Байденнен бөлек президенттікке үміткер қос кандидатқа да көрсететінін жеткізген. Алайда Трамптың командасы Зеленскиймен кездесуді жоспарлап отырмаған атап өтті.

Сондай-ақ Зеленский Байденнен президент сайлауында Дональд Трамп жеңсе, Украинаны тиімсіз бейбітшілік келісіміне мәжбүрлемейтін «қауіпсіздік кепілін» талап етпек.