×
510.08
539.61
5.15
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.08
539.61
5.15

Заңсыз өндірілген. 3000 тонна мұнай аукционға шығарылады

26.09.2024, 17:32
Заңсыз өндірілген. 3000 тонна мұнай аукционға шығарылады
Ашық дереккөз

Ақтөбе облысының Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті 3 274 тонна мұнай мен мұнай өнімдерін аукционға шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЖАРАМСЫЗ КЕЛІСІМШАРТ

Бұл «қара алтын» заңсыз өндірілген. Жер қойнауын пайдаланушы компания келісімшартының мерзімі өтіп кеткен.

Электронды сауда порталының дерегінше, аукцион 27 қыркүйекте өтеді. Сайғақта тәркіленген мұнай, дизель, керосин мен битумның бастапқы бағасы 387 млн 495,4 мың теңге.

ТӘРКІЛЕНГЕН

Мұнай құйылған екі үлкен резервуар, қайта өңделген өнімдер саудаға шығарылады. Бұл өнімдер жер қойнауын пайдаланушыдан 2023 жылы тәркіленген. Заңсыз мұнайды сатып алғысы келгендер 58,1 млн теңге кепілдік жарнасын төлеуі керек.