×
478.54
533.76
5.17
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
478.54
533.76
5.17

"Жеке басына жұмсамаймыз": Инга Иманбай сыйға тартылған миллион туралы

Бүгін, 22:25
"Жеке басына жұмсамаймыз": Инга Иманбай сыйға тартылған миллион туралы
Ашық дереккөзден

Бұған дейін "Ұлыс медиа" бас редакторы Самал Ибраева "Үркер" сыйлығының қаржысын Жанболат Мамайға аударуға шешім қабылдағанын жазған едік. Ізінше Инга Иманбай ол қаражатты қайда жұмсайтынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ең әуелі Инга Иманбай “Үркер” сыйлығының “Ұлыс медиаға” табысталғанын дұрыс шешім деп атап өтті.

“Мемлекет тарапынан сый-сыяпат әдетте билікшіл ақпарат құралдарына берілетініне етіміз әбден үйренген. Бірақ, бұл жолы марапаттың тәуелсіз «Ұлыс медиа» ұжымына тапсырылғаны - дұрыс шешім болды деп санаймын. «Ұлыс» - барлық тарапқа өз сөзін айтуға, позициясын жеткізуге мүмкіндік беретін елдегі санаулы ақпарат құралының бірі. Оған ешкімнің дауы жоқ болар”, – деп жазды Инга Иманбай.

Ал “Ұлыс медиа” ұжымы сыйға тартқан сыйақыны Жанболат Мамай жеке басына емес, өзі ашқан орталық үшін жұмсамақшы. 

“Көмекті Жанболат жеке басына емес, жаңадан бастап жатқан жобасы - журналистерге, құқық қорғаушылар мен азаматтық қоғам өкілдеріне мемлекеттік тілді оқыту бағдарламасына арнайды. Қазірдің өзінде халықаралық ұйымның қолдауымен бастаған бұл игі бастамаға 65 адам жазылып, келесі айдан бастап қазақ тілін сапалы түрде әрі тегін оқи алады”,- деді журналист Иманбай. 

Сөз соңында ол “Ұлыс медиа” ұжымын халықаралық деңгейде мойындалатын деңгейге лайық деп түйіндеді. 

“Марапат емес, марапатталушы сол сыйдың құрметін арттыратын кез болады. Біздіңше, «Ұлыс медианың» құрметін «Үркер» арттырған жоқ, керісінше, «Ұлыс медиа» жобасы «Үркердің» абырой-атағын көтерген жағдай бұл. Қалай болғанда да, Самал ханым да, «Ұлыс медиа» жобасы да ең үлкен құрметке лайық деп санаймыз, әлі -ақ үлкен халықаралық деңгейде де мойындалатын кез келеді дегенге сенеміз”,- деді ол. 

“ҮРКЕР” ТУРАЛЫ

Дәстүрлі «Үркер» ұлттық сыйлығы 12 номинация бойынша табысталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл БАҚ өкілдерінен 400 өтінім түскен. БАҚ өкілдерінің жұмыстарын беделді журналистер, саланың еңбек сіңірген қайраткерлері мен халықаралық медиа-сарапшылардан құралған тәуелсіз қазылар алқасы бағалады. 

Конкурс қорытындысы бойынша әр номинацияның жеңімпазына «Үркер» - 2024 естелік мүсіншесі мен 1 000 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы табысталды. 

«ҮРКЕР» сыйлығының жеңімпаздары: 

1. Жылдың үздік сұхбаты – Нұрлан Оразғалиев (Inbusiness.kz); 
2. Жылдың үздік репортажы – Юлия Абрамова (Nur.kz);
3. Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал – Ксения Евдокименко (Time.kz);
4. Жылдың үздік журналистік зерттеуі – Нұрлат Байкенже (Астана ақшамы газеті);
5. Жылдың үздік аналитикалық материалы – Тимур Ниталиев (Ulysmedia.kz);
6. Радиостанциядағы үздік жоба – Қымбат Досжан (Қазақ радиосы);
7. Жылдың үздік фотосуреті – Сали Сабиров (Olympic.kz);
8. Жылдың үздік жаңалықтар порталы – Abai.kz;
9. Үздік өңірлік БАҚ – Наш Костанай газеті;
10. Халықаралық БАҚ-та Қазақстан туралы жарияланған үздік материал (баспа, радио, интернет-журналистика саласында) – Торғын Ашенова (Омбы қазақтары газеті);
11. Үздік подкаст – NeQuryltay;
12. Үздік YouTube каналы – Sayahat Time (balbal.kz).