Дағыстандағы жанармай құю станциясында жарылыс кезінде бес адам, оның ішінде бір бала қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы "Известияға" сілтеме жасап.
Дағыстан прокуратурасы Махачкаладағы жанармай құю бекетінде жарылыс болғанын, содан кейін өрт шыққанын хабарлады. Жарылыстан кейінгі өрттің ауданы 500 шаршы метрді құрайды.
– Жанармай құю станциясының ғимараты қирады. Техстанция мен асхана 500 шаршы метрге жанып жатыр. 2 жеңіл автокөлік пен жүк көлігі зақымданды, - деп хабарлады Дағыстан Республикасы бойынша ТЖМ.
Осы уақытқа дейін ведомство 15 жәбірленуші жарақат алғанын хабарлады. Олар ауруханаларға жеткізіледі, бәрінде жағдайы орташа ауыр. Облыс ІІМ Дағыстан тұрғындарынан Қарабудахкент ауданындағы федералды тас жолда орналасқан жанармай құю бекетінде жарылыс бағытында жүрмеуін сұрады. Аймақ прокуратурасы оқиға орын алған объектіде қауіпсіздік ережелерінің сақталуын тексере бастады.