×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Trump Tower-де Зеленскиймен кездескен Трамп Украинаға баратынын айтты

28.09.2024, 09:48
Trump Tower-де Зеленскиймен кездескен Трамп Украинаға баратынын айтты
Reuters

Нью-Йорк қаласындағы Trump Tower ғимаратында Владимир Зеленскиймен кездескен Дональд Трамп Зеленскийге жақын арада міндетті түрде Украинаға баратынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТРАМПТЫҢ МӘЛІМДЕМЕСІ

Ал В.Зеленский оған Ресеймен соғыста жеңіске жету жоспарын ұсынды. Трамп президенттік сайлауда жеңіске жетсе, соғысты аяқтайтынын айтты.

«Егер мен жеңсем, мұның соңы өте қуанышты, әділ болар еді деп санаймын. Өте жылдам келісімдер болар еді. Мұны тоқтату керек. Ал Президент Зеленский де мұның тоқтағанын қалайды. Сондай-ақ президент Путин де мұның тоқтатылғанын қалайтынына сенімдімін. Және бұл жақсы комбинация. Сондықтан бәріне ортақ әділ келісімге қол жеткізгіміз келеді», деді Трамп келіссөздерден кейін Украина президентінің қасында тұрып сөйлеген сөзінде.

“ПУТИНГЕ ҚЫСЫМ ЖАСАУ КЕРЕК...”

Зеленский Ресей Федерациясы мен Украина арасындағы соғыс басталмауы керек болғанын және ендігі кезекте Путинге «қысым жасап, бұл соғысты тоқтату керектігін» атап өтті.

«Ол қазір біздің аумақта тұр. Бұл ой елегінен өткізіп, терең түсінетін ең маңызды жайт. Өйткені ол біздің елдің жеріне табанын тигізіп тұр», деді Украина басшысы.

Ең бастысы Трамп Зеленский де, Путин де соғыстың аяқталуын қалайтынын атап өтті.

«Егер мен жеңсем, біз әділ шешімге қол жеткіземіз», – деді Американың экс-президенті.

Кездесуден кейін Зеленский Трампты Украинаға келуге шақырып, ол оған «міндетті түрде» барамын деп жауап берді.

ТРАМПТЫҢ УӘДЕСІ

Трамп Украинадағы соғысты 24 сағаттың ішінде аяқтауға уәде бергенімен, оған қалай қол жеткізгісі келетінін нақты түсіндірмеді. Кейбір саясаткерлер мен сарапшылар ол Украинаны Мәскеуге аумақтық жеңілдік жасауға немесе қақтығысты тоқтатуға көндіруге тырысады деп күдіктеніп отыр. Киев тарапынан бұл аталған екі нұсқаның да тиімсіз екені аз айтылмаған еді. 

Жұма күні журналистер Трамптан Украина соғысты тоқтату үшін өз аумағының бір бөлігін Ресейге беруге келісу керек пе деп сұрағанда, Трамп: «Ахуалдың алды қалай құбылатынына қарай көреміз» деп тіл қатты.