×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Мұрат Нұртілеу Нью-Йоркте Қазақстан туралы не айтты? СІМ-нің БҰҰ-дағы сөзінің толық нұсқасы шықты

29.09.2024, 10:33
Мұрат Нұртілеу Нью-Йоркте Қазақстан туралы не айтты? СІМ-нің БҰҰ-дағы сөзінің толық нұсқасы шықты
Фото: СІМ баспасөз қызметі

СІМ премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің Нью-Йоркте өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 79-сессиясының Жалпы саяси дебаттарында сөйлеген сөзін жариялады. Мұрат Нұртілеу БҰҰ-ның кезекті отырысы жаһандық қауіпсіздік жүйесі күйреу алдында тұрған сыни сәтте өтіп жатқанын атап өткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

СІМ басшысы жаһандық мәселелерді шешуге ортадержавалардың белсенді қатысуына шақырып, ядролық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударды.

ЯДРОЛЫҚ ҚАТЕР

«Ядролық қатерлер риторикасының күшеюі ядролық қаруды таратпау туралы шартты және барлық ядролық державалардың ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шартты қатаң сақтауды талап етеді» деді Мұрат Нұртілеу.

ГУМАНИЗАЦИЯ

Сондай-ақ ол Әділетті Қазақстанды құру жөніндегі реформалар шеңберінде елде өлім жазасы жойылғанын, балалар мен әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейтілгенін, азаптауға мүлдем төзбеушілік саясаты жүргізіліп жатқанын және ұлттық алдын алу тетіктері нығайтылғанын атап өткен.

2030 жылға дейін орнықты даму саласындағы күн тәртібін орындау мерзімінің жақындауы контестінде, сондай-ақ өңірдегі БҰҰ агенттіктерінің қызметін үйлестіруді күшейту тұрғысынан министр БҰҰ-ға мүше елдерді Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму жөніндегі БҰҰ Өңірлік орталығын құру туралы ҚР бастамасын қолдауға шақырды.

БҰҰ ӨҢІРЛІК ОРТАЛЫҒЫ

«Теңізге шығатын жолы жоқ ірі ел бола отырып, Қазақстан осы мемлекеттер тобының мүдделерін белсенді түрде ілгерілетуде. Прогреске қарамастан, біз Вена іс-қимыл бағдарламасын толық жүзеге асырудан алыспыз. Сауда мен көлік дәліздерін дамыту бойынша шектеулі мүмкіндіктер біздің осалдығымызды күшейтіп, борыштық жүктемені ұлғайтып, инвестиция көлемін қысқартады» деді министр.

Мұрат Нұртілеу Қазақстан қазірдің өзінде Азия мен Еуропа арасындағы негізгі транзиттік торапқа айналғанын және позицияларды одан әрі нығайту үшін «Бір белдеу, бір жол» жобаларымен, Солтүстік-Оңтүстік халықаралық көлік дәлізімен және Транскаспий маршрутымен синергияны күшейтуді жоспарлап отырғанын жеткізді.