×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

АЭС құрылысына қарсы. Алматыда тұтқындалған белсенділердің үстінен іс қозғалды

01.10.2024, 17:41
АЭС құрылысына қарсы. Алматыда тұтқындалған белсенділердің үстінен іс қозғалды
ашық дереккөз

Алматыда АЭС құрылысына қарсы ұсталған 12 белсендінің үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қылмыстық іс қозғалғаны жайлы адвокат Төлеген Берліқожа пікір білдірді.

Өткен айда белсенділер жиналып, атом электр станциясының құрылысын талқылады. Тыңшылар мұны жазып алған. Шымкенттен Бердиходжаев есімді күмәнді сарапшы бар. Ол өз қорытындысында белсенділердің сөздерінде экстремизм элементтері мен жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыруға шақыру бар екенін айтады, – деді Берліқожа.

Адвокат қайта сараптама жүргізу жайлы өтініш бергенін айтты.

Іс құпия болғандықтан, мен бейнежазбаны көрмедім. Бізге тек қорытындыны көрсетті. Мен адвокат ретінде қайта сараптама жүргізу туралы өтініш бердім, –дейді Төлеген Берліқожа.

Естеріңізде болса, жексенбі күні Алматыда 12 белсенді тұтқындалған болатын. Кейін олардың алтауы босатылған.