×
487.37
532.94
5.09
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
487.37
532.94
5.09

Референдум: халықтың жартысы дауыс бермесе не болады

01.10.2024, 17:23
Референдум: халықтың жартысы дауыс бермесе не болады
Ulysmedia коллажы

Ulysmedia.kz порталының бұл сұрағына Орталық референдум комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов жауап берді.

СМАҒҰЛОВ НЕ ДЕЙДІ

– Бұл мәселе бізде заңда көрсетілген. Референдум өтті деп санау үшін міндетті түрде дауыс бергендер (дауыс беруге жататын жалпы адамдардың) 50 пайыздан асуы керек, – дейді Асылбек Смағұлов.

“Егер аспаса?” деген сұраққа ол заңда жазылғандай, референдум өтпеді деп есептеледі деп жауап берді.

 РЕФЕРЕНДУМ

Еске салсақ, АЭС бойынша референдум биыл 6 қазанда өтеді. 

EGov mobile қосымшасында АЭС-ке қатысты жаңа бөлім құрылды.

АЭС бойынша референдумға 15,5 млрд теңге жұмсалады.