Атыраудағы жанармай құю бекеттерінде газ тапшылығына байланысты бірнеше шақырымға созылған кезек пайда болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МҰНАЙЛЫ АСТАНАДА ҮНЕМІ ГАЗ ТАПШЫ
Қалада сұйытылған газ тапшылығы бар. Жүргізушілер көліктеріне жанармай құю үшін 5-6 сағат күтуге мәжбүр.
Жергілікті тұрғындар газ тапшығы жыл сайын қайталанатын айтып наразылық білдірді.
Біз мұнайлы астанада тұрамыз, бірақ үнемі газ тапшы. Жыл сайын осындай мәселеге тап боламыз, ешқандай өзгеріс жоқ, – дейді тұрғындардың бірі.
ӘКІМДІК НЕ ДЕЙДІ
Облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, облыстағы жанар-жағармай құю бекеттеріне 7020 тонна сұйытылған газ бөлінген.
Атырау мұнай өңдеу зауытында ресми мәлімет бойынша жоспарлы жұмыстарға байланысты өндіріс уақытша тоқтатылды. Сондықтан сұйытылған газ көршілес аудандардан тасымалданады. Сонымен қатар қазан айында ішкі нарықты толық қамтамасыз ету үшін министрлік қосымша 880 тонна автогаз сұрады, – деді облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Жантас Оспан.