×
482.86
533.17
5.08
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
482.86
533.17
5.08

Зорлау белгілері бар. Петропавлда әйелдің мәйіті табылды

Бүгін, 17:00
Зорлау белгілері бар. Петропавлда әйелдің мәйіті табылды
ашық дереккөз

Петропавлдағы пәтерлердің бірінен 44 жастағы әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

СҚО полициясы баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, 2 қазан күні Петропавл полициясына 44 жастағы әйел өз пәтерінде қайтыс болғаны туралы хабарлама келіп түскен. Оның денесінен зорлық-зомбылықтың белгілері табылған.

ҚР Қылмыстық кодексінің «Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, делінген хабарламада.

Әйелді өлтірді деген күдікпен 52 жастағы жергілікті тұрғын ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр.

Бүгін ғана Талғар қаласында оқушының қаза болғанын және Алматыдан шетел азаматының мүрдесі табылғанын хабарлаған болатынбыз.