×
488.11
530.09
5.01
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
488.11
530.09
5.01

Тараздықтар болашақтың энергиясына қатысты өз даусын берді

Тараздықтар болашақтың энергиясына қатысты өз даусын берді
Фото: дереккөз

Бүгін тәуелсіз ел тарихындағы ерекше күн. Себебі дәл осы күні қазақстандықтардың қатарында киелі Әулиеата жұрты да болашақтың энергиясына қатысты өз таңдауларын жасауда, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Өз тарихында небір аумалы-төкпелі кезеңдерді бастан кешсе де, қазақы салты мен ұлттық құндылықтарын, ән-жырын ұмытпаған һәм ұлықтаған халқымыз референдум барысында да салмағы басым саяси науқанды мерекелік күйге бөледі.

Таңсәріден таңдауын жасауға асыққан жұртты №28 сайлау учаскесінде ақ жаулықты әжелер қарсы алды. Алдымен шашу шашып келген аналар, тараздықтарды ұлттық әнмен оятып, ұлттық дәм ұсынды. Ұлт пен ұрпақтың болашағы үшін түн ұйқысын төрт бөлген ақ жаулықты аналар қауымы, ұлттық дәстүрді ұлықтап, дауыс берушілерге аналық ақ батасын берді.

Ал №26 дауыс беру учаскесі аумағында келушілерге шағын жәрмеңке ұйымдастырылды. Ала таңнан асыға жеткен дауыс берушілер мұнда өз таңдауларын жасап қана қоймай, берекелі жәрмеңкеге қатысып, мәре-сәре күйге бөленді.

Сол секілді Жамбы атындағы №5 мектеп-гимназиясындағы №35 және №38 орта мектебіндегі 70-ші дауыс беру учаскелерінде дауыс берушілерге арналған арнайы концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды. Әрбір келуші еліміздің саяси маңызды қадамына қатысты өз таңдауын жасап, ән тыңдап, мәдени-рухани құндылықтармен сусындады.

Ал №41, №498 дауыс беру учаскелерінде ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтті. Мұнда келушілер асық атып, таңғы тіршілігін салауатты өмір салтымен бастады.

Айта кетейік, бүгін АЭС референдумы бойынша Қазақстанда дауыс беру басталды. Сондай-ақ бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы дауыс берудің заңды деп танылуының шарттарын атаған болатын.

Шымырлықты шыңдайтын шаралармен қатар, ақыл-ойды кемелдендіретін кітап көрмелері де дауыс берушілердің назарынан тыс қалмады. №27 дауыс беру учаскесіне келгендер көпшілікке ұсынылған кітап көрмесін тамашалап, тарихи-әдеби шығармаларға қанықты.

Бұл күні әрбір дауыс беру учаскесінде салтанатты шаралар өтті. «Ұлы Дала» шағын ауданындағы №505-ші дауыс беру учаскесінде ұйымдастырылған «Супергерой» акциясы да соның бір айғағы. Мұнда әрбір мақсатқа жауапкершілікпен қарап, жұмыла әрекет ете білудің мән-маңызын айшықтайтын шаралар көрініс берді.

Бір сөзбен айтқанда, әулиеаталықтар үшін бұл күн тарихи таңдау жасау ғана емес, сонымен бірге ауызбіршіліктің үлгісін, ұлт рухының биіктігін және ертеңгі күнге сенімінің асқақ екенін іс жүзінде көрсетті.

Айта кетейік, бүгін АЭС референдумы бойынша Қазақстанда дауыс беру басталды. Сондай-ақ бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы дауыс берудің заңды деп танылуының шарттарын атаған болатын.