×
511.22
540.05
4.73
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
511.22
540.05
4.73

Теңіз кен орнындағы қызметкерлер 7 дауыс беру пунктінде таңдау жасап жатыр

Теңіз кен орнындағы қызметкерлер 7 дауыс беру пунктінде таңдау жасап жатыр
Фото: дереккөз

Теңіз кен орнында 10 референдум учаскесінің мүшелері жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Теңізшевройл» ЖШС мен мердігер мекемелердің қызметкерлері бекітілген 7 пункте дауыс беруде, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Теңіз кенішінде 10 мыңға жуық жұмысшы таңдау жасауға өтініш білдірген. Бұл туралы Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясы мәлім етті. Теңіз кен орнының аумағында дауыс беруге дайындық бірнеше аптаға созылған еді . Дауыс берудің  үздіксіз және қауіпсіз процесін ұйымдастыру үшін барлық қажетті шара қабылданды.

Облыс бойынша 274 референдум учаскесі жұмыс істеуде.

Бүгін өңірде 283 референдум комиссиясы жұмыс істейді. Оның 9-ы – аумақтық, 274-і – учаскелік. Жалпы комиссияларда 2037 мүше бар. Дауыс беру процессі вахталық қалашықтар да өтіп жатыр. Бұл жұмысты 38 учаскелік комиссия жүзеге асыруда. Барлық учаске материалдық-техникалық құрал-жабдықтармен қамтылған.

Айта кетейік, бүгін АЭС референдумы бойынша Қазақстанда дауыс беру басталды. Сондай-ақ бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы дауыс берудің заңды деп танылуының шарттарын атаған болатын.