×
508.05
534.82
5.06
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
508.05
534.82
5.06

Қаржы министрлігінің лауазымды тұлғалары 68 млн теңге пара алған – Антикор

Қаржы министрлігінің лауазымды тұлғалары 68 млн теңге пара алған – Антикор
Фото: Shutterstock

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аға тергеушісі Данияр Бегайдаров Қаржы министрлігінің лауазымды тұлғалары қылмыстық әрекеттерге барғанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оның сөзіне қарағанда, Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлық қарсы агенттігінің департаменті Қаржы министрлігінің лауазымды тұлғалары кәсіпкерлік субъектілерінен пара алғанын әшкерелеген. 

Астана және Алматы қалаларында ауыр жемқорлық қылмыс жасағаны үшін қаржы министрлігі басқармасының басшылары әшкереленді. Олар кәсіпорындар толық сомаға азайту бойынша 570 млн теңге салықты негізсіз төлеуге қатысты ақпаратқа қол жеткізіп, делдал арқылы фирма өкілінен ақша талап еткен. 68 млн теңге пара алу кезінде қаржы министрлігінің лауазымды адамдары мен делдал ұсталды, – дейді Антикор өкілі. 

Оның айтуынша, ведомствоның өзге лауазымды тұлғаларының қылмысқа бар-жоғы тексеріліп жатыр. Тергеу жалғасып жатыр.

Еске салсақ, бұған дейін Антикор жемқорларды ұстап бергендерге 28,9 млн теңге сыйақы берілетінін мәлімдеген болатын.