Бала құқықтары жөндегі уәкіл Динара Зәкиева Ақтөбе облысындағы зорланды делінген 14 жастағы қыздың ісін қайта саралау және бұлтартпау шарасын өзгерту бойынша прокуратураға жүгінгенін мәлім етті. Полиция депарламенті күдіктілерді үй қамаққа жіберген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ОМБУДСМЕН НЕ ДЕЙДІ
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүрп жатыр. Ақтөбе облысының өңірлік бала құқықтары жөніндегі уәкілі баланың анасымен байланысқа шығып, кездесетін болды. Істі қайта саралау және бұлтартпау шарасын өзгертуді қарау мәселесімен прокуратураға жүгіндім, – деп жазды Динара Зәкиева.
ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ
Облыстық полиция департаменті күдіктілер үй қамақта екенін хабарлаған.
Полиция департаменті бопсалау және зорлық-зомбылық фактілерін тіркеп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру өткізіп жатыр. Іс бойынша процесстік прокурор тағайындалды, ол тергеуге қатысып жатыр. Екі күдікті анықталып, ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Санкциялық шара тағайындау кезінде сот күдіктілердің жеке басының мінездемесін, бұрын сотталмағанын, кәмелетке толмаған балаларының және тұрақты мекен жайының болуын ескере отырып, үй қамағында ұстау туралы шешім қабылдады. Қажетті сараптамалар тағайындалды, - делінген ПД хабарламасында.
ҚАЛАЙ БОЛҒАН
Естеріңізде болса, құқық қорғаушы Дина Таңсәрі 23 қыркүйекте осы мәселе жайлы жазған болатын. Онда Ақтөбе облысының 14 жастағы тұрғыны өзін 26 жастағы және 20 жастағы туысқан ағалары 8 жасынан бері зорлап келгендігі туралы жеңгесіне айтып бергені баяндалады.