×
486.44
534.31
5.06
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
486.44
534.31
5.06

Сметов тағы да ел аузында – олимпиада чемпионының тойы көптің назарын аударды

Бүгін, 23:10
Сметов тағы да ел аузында – олимпиада чемпионының тойы көптің назарын аударды
yeldos60kg парақшасынан

Париж олимпиадасының чемпионы, олимпиданың күміс және қола жүлдегері Елдос Сметов тағы да ел аузында. Бұл жолы бозкілем шебері дүркіреген той жасап көптің назарын аударды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Көпшілік хан сарайындай мейрамханада өткен той Елдостың Париждегі алтынына арналғанын топшылаған. Бірақ Сметовтар әулеті олимпиада алтынына қосып сүндет той, тілашар тойын тойлады.  

Кешке келген эстрада жұлдыздарының арасында Төреғали Төреәлі, Музарт тобы, Досымжан Таңатаров, “Өнер қырандары” театрының әртістері және тағы басқалары бар. Сондай-ақ Арман Оспанов, Бейбіт Ыстыбаев, Нұрбақыт Теңізбаев сынды спорт саңлақтарын байқауға болады.  

Көпшіліктің пікірінше, кештің басты сыйлығы қажылыққа жолдама болған. Оны Елдос Сметов “Өнер қырандары” ұжымына табыстаған. Ұжым алдағы концерттерінің бірінде жолдаманы бір көрерменіне Елдостың атынан табыстайды.  

Сметов өзінің әлеуметтік желіде танымал болған биін билеп жиналғандарды бір қуантқан. 

Осы той арқылы Сметов көпшілікке өзінің отбасын көрсетіп оқырмандардың ықыласына бөленіп жатыр.  

ЕЛДОС СМЕТОВ

Елдос Бақтыбайұлы Сметов – қазақстандық дзюдошы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Париж олимпидасының жеңімпазы, Рио-де Жанейрода өткен XXXI жазғы олимпиаданың күміс жүлдегері, Токиода өткен XXXII жазғы олимпиаданың қола жүлдегері. Әлем чемпионы (Астана, 2015 жыл), Жастар арасындағы Әлем Чемпионы (2010 жыл), Азия Чемпионы (Ташкент, 2016 жыл), Халықаралық «Grand Prix» турнирінің үш дүркін жеңімпазы, Жастар арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері (Бангкок, 2013 жыл), Азия ойындарының жеңімпазы (Инчхон, 2014 жыл).