Берік Әбдіғалиұлы Ұлттық музей директорының міндетін уақытша атқарушы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ҰЛТТЫҚ МУЗЕЙГЕ БАРДЫ
Екі күн жұмыссыз болған Берік Әбдіғалиұлы Ұлттық музей директорының міндетін уақытша атқарушы қызметіне тағайындалды. Бұған дейін ол Ұлытау облысының әкімі қызметін атқарған. 2022 жылы Ұлытау облысы жаңадан құрылғанда Әбдіғалиұлы облысы басшысы лауазымына жайғасқан еді.
Бұған дейін Берік Әбдіғалиұлы бір сұхбатында өзінің жанына ғылыммен айналысқан жақынырақ екенін айтқан.
"Мен ғылыммен байланысты болғандықтан, мен үшін ғылыми жұмыс қызықтырақ. Әкімшілік – бұл, білесіз бе, көбірек: қажет, біз жұмыс істейміз. Әрине, қызығушылықпен. Бірақ мен өз зерттеулерімді мақтан тұтамын...", – деген еді Әбдіғалиұлы.
ҰЛТТЫҚ МУЗЕЙ ТУРАЛЫ
Ұлттық музей 2015 жылдың 9 шілдесінде ашылған. Қазақстанның ең үлкен мұражайы. Астанадағы Тәуелсіздік алаңында орналасқан. Айта кетейік оның бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы істі болғаннан бері бұл қызмет бос тұрған еді.
ӘБДІҒАЛИДЫ АЛМАСТЫРҒАН КІМ ЕДІ?
Ал екі күн бұрын оны Дастан Адайұлы Рыспеков алмастырған. Рыспеков облыс басқару сеніп тапсырылған ең жас әкім атанған.
БЕРІК ӘБДІҒАЛИҰЛЫ
1971 жылғы 18 қыркүйекте Қарағанды облысы Жезқазған кентінде дүниеге келген.
1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Тарих» мамандығы бойынша тәмәмдаған. Саясаттану ғылымдарының кандидаты. 2017 жылы «Өңірлік және муниципиалдық менеджмент» мамандығы бойынша MBA дәрежесін РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясында (Мәскеу қ.) қорғаған.
10 кітаптың және қазақстандық және шетелдік ғылыми басылымдардағы 100-ден астам ғылыми жарияланымдардың авторы.