Жетісу облысында медицина мамандары 18404 Жетісу гарнизонының әскери бөлімін тексеру кезінде суық тиген 16 сарбазды анықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қорғаныс министрлігі мәліметіне қарағанда, ауруға шалдыққандар Талдықорған әскери госпиталіне орналастырылған. .
Мерзімді қызметтегі бір әскери қызметші «Полисегментті пневмония» диагнозымен көпсалалы ауруханаға жатқызылды. Жағдайы тұрақты – ауыр. Өмірге қауіп жоқ. Емдеу толық көлемде қабылданады. Үй-жайларды дезинфекциялау жүргізілді. Әскери бөлімнің барлық жеке құрамының денсаулық жағдайына бақылау күшейтілді. Практикалық көмек көрсету үшін ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери клиникалық госпиталінің және Алматы қаласы ҚР Қарулы Күштерінің санитарлық-эпидемиологиялық орталығының мамандары жіберілді, – делінген хабарламада.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Қолыңда барда қонышыңнан бас. Қорғаныс министрінің әйелі сарбаздарды пайдаланып клип түсірген
Ведомство бұл факт бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп жатқанын айтты.
АРМИЯДАҒЫ ӨЛІМ
Кейінгі жылдары «армияда көз жұмды» деген бір сарбаздың топырағы суымай жатып, екіншісі жан тапсырып жатыр. Қорғаныс министрінің орынбасары – генерал-майор Бақытбек Сыдықов қарулы күштерде соңғы төрт жылда 40 әскери қызметкер өзіне қол салғанын хабарлаған. Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы соңғы үш жылда Қазақстанда 270 әскери қызметкер қайтыс болғанын айтқан.
ӘСКЕРДЕГІ БУЛЛИНГ
Әскери саланы зерттеп жүрген журналист Амангелді Құрмет әскердегі, қала берді қоғамдағы буллинг қоғамның мәдени, құқықтық санасының көрінісі десе, әлеуметтік теория зерттеушісі Ғалым Жүсіпбек бүгінгі қазақ қоғамындағы зорлық, әлімжеттік, адам тұлғасын қастерлемеу сынды теріс әрекеттердің себебі тоталитар жүйемен тығыз байланысты екенін айтады.