Халық арасында «буынсыз адам» атанып, танымал болған цирк әртісі Айдос Тоқтарбай қайтыс болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қаралы хабарды ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, актер Рахман Омар жеткізді.
Айдос Тоқтарбай бауырымыз мезгілсіз өмірден өтті. Цирк өнерінің шебері, – деп жазды ол.
Бұған дейін цирк әртісі сұхбаттарының бірінде жарақат алғанын айтқан.
Пандемия кезінде ауылға барып мал бақтым. Кейін түрлі жобаларға қатыстым. Өзбекстан мен Қытайға барып, өнер көрсеттім. Кейін аяғым мен белімнен жарақат алып, біраз уақыт өнерден қол үзіп қалдым, – деді ол.
Айдос Тоқтарбай соңғы жылдары цирк өнерінен жырақтап, жиһаз жасаумен айналысып жүрген.