×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Маңғыстауда оқушылар уланған: жауапты шенеуніктер қызметінен кетті

14.10.2024, 14:34
Маңғыстауда оқушылар уланған: жауапты шенеуніктер қызметінен кетті
ашық дереккөзден

Маңғыстауда оқушылар уланғаннан кейін қандай шара қабылдадыңыздар? Ulysmedia.kz порталы бұл сұрақты Мәжіліс кулуарында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевқа қойды.

БЕЙСЕМБАЕВ НЕ ДЕЙДІ

– Тамақтану мәселесіне байланысты барлық тиісті өзгерістер қабылданғанымен, оны ұйымдастыруда кәсіпкерлердің жауапкершілігі жөнінде үнемі мәселені көтеріп жүрмін. Маңғыстау облысы бойынша тамақтануға жауапты болған кәсіпкер мектептен аластатылды. Бұдан былай ол кәсіпкердің басқа мектептердің шаруасына араласуға шектеу қойылды. Одан бөлек жауапты адамдарға жауапкершілік артылды: білім басқармасының басшысы қызметінен кетті, әкімнің орынбасары жауапкершілікке тартылды. Одан бөлек ол кәсіпкермен келісімшарт үзіліп, басқа кәсіпкер мектепке тамақтандыру қызметін көрсететін болды, – дейді ол.

Министр өзі де қол астындағы жауапты адамдармен мектептердің асханасын тексеру үшін барған. “Сізге тамақ ұнады ма?” деген сұраққа ол “ұнады, бірақ қант көптеу секілді” деп жауап берді.

Еске салсақ, Маңғыстау облысында оқушылардың жаппай улануы себебінен еліміздің барлық мектептері тексерілетінін жазған едік. 

Сондай-ақ Үкімет балалардың улануына кінәлілер жауапқа тартылатынын мәлімдеген.