Қаржы министрі Мәди Тәкиев 2025 жылға мемлекеттік органдардың имидждік іс-шаралар үшін сұраған барлық өтінімдерін мақұлдамағанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Сол арқылы триллион теңге үнемделген.
Биылғы жылы имидждік іс-шараларға, іссапарларға және басқа да артық шығындарға жұмсалатын шығындар қысқартылды. Мен сізге бұрын айттым, оларды 360 млрд теңгеге қысқарттық... Болашақта да осы бағытта бюджет үнемдеу жалғаса береді деп ойлаймын, – деді министр.
Ол қанша теңге үнемдегенін нақты айта алмады. Дегенмен мемлекеттік органдардың өтінімдері мен қолдау тапқан бюджет арасындағы айырмашылықты ғана келтірді.
Мен сізге жалпы бюджетті айтамын. Егер 2025 жылдың бюджетін жоспарласақ, Қаржы министрлігі ретінде біз мемлекеттік органдарға 22,5 трлн теңге лимит бөлдік делік. Ал бізге мемлекеттік органдардан (өтінімдер – ред.) 31 млрд-қа шығыс сұранымы келді. Тиісінше, біз жаз бойы мемлекеттік органдармен жұмыс жасадық және келесі жылдың бюджеті 25 трлн 750 млрд теңге сомасында қолдау тапты, Яғни бұл айырмашылық келесі жылдың үнемделген қаражаты деп айтуға болады. Бұл шамамен 6,5 трлн, – деді Қаржы министрі.
Сондай-ақ ол салық түсімі азайып кеткені туралы айтқан болатын.