×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ұл-қызыңыздың қауіпсіздігі қорғалған ба? – балалардың биометриялық деректерін заңсыз жинаған

15.10.2024, 19:15
Ұл-қызыңыздың қауіпсіздігі қорғалған ба? – балалардың биометриялық деректерін заңсыз жинаған
Коллаж Ulysmedia

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ЦДИАӨМ) биометриялық сәйкестендіру жүйелерін жасаушылар мен балалардың шығармашылық үйірме жетекшілерін тексерді. Нәтижесінде бірнеше заңбұзу фактісі анықталған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

БАЛАЛАРДЫҢ БИОМЕТРИЯСЫ 
Баспасөз қызметінің мәліметінше, төрт ұйымның екеуі ата-аналарының келісімінсіз балалардың биометриялық деректерін заңсыз жинаған. Соның нәтижесінде екі компанияға жалпы сомасы 332 мың теңге айыппұл салынған.

ЖАЗАНЫ КҮШЕЙТУ 
Енді министрлік дербес деректердің таралуы үшін жауапкершілікке тарту мерзімдерін ұлғайтып, айыппұл көлемін көбейтуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ, электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) жабық кілтін рұқсатсыз пайдаланғаны үшін жаза енгізіледі. Барлық деректердің таралуы және бұзушылар бұзылған деректердің бірыңғай тізіліміне енгізіледі.

АЛАЯҚТАР 
ЦДИАӨМ алаяқтық схемалармен күресу үшін Telegram және Meta платформаларымен белсенді жұмыс істейтінін атап өтті. Олардың айтуынша, бұл – жаһандық міндет және оны интернет-платформалармен бірлесіп шешу қажет.

«Соңғы тоқсанда Meta жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, әлем бойынша 1,2 миллиард жалған аккаунттарды бұғаттады», – деп түсіндірді баспасөз қызметі.

БҰҒАН ДЕЙІН

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Қазақстан банктерінде азаматтардың дербес деректері алаяқтарға берілгенін растаған.

Бұл мәліметті ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов журналистердің сұрағына берген жауабында растады. БАҚ өкілдері кейбір алаяқтар өз "құрбандары" туралы тым көп ақпаратты, банк шотында қанша ақша жатқанына дейін білетінін атап өтті.

Шенеунік Қазақстанда екінші деңгейдегі банктердің қызметкерлері клиенттердің дербес деректерімен сауда жасайтын жағдайлар болғанын растады.