×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

«Кезекпен ауырып жатырмыз»: Саран қаласы әлі жылусыз отыр. Әкімі не дейді?

15.10.2024, 21:25
«Кезекпен ауырып жатырмыз»: Саран қаласы әлі жылусыз отыр. Әкімі не дейді?
Ашық дереккөзден

Қарағанды облысындағы Саран қаласының тұрғындары әлеуметтік желіде тағы да бейнеүндеу жариялады. Азаматтар күн суытса да жылусыз отырғандарын айтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

“ҚЫСТА НЕ БОЛАДЫ?”

Саран қаласының тұрғындары әлеуметтік желілерде үйлерінде жылудың болмауына байланысты тағы да наразылық білдірді. Бұл жолы қала тұрғындары желіде бейнеүндеу жариялады. 

“Үйіміз өте салқын. Сөз жүзінде жаңа жылу орталығын қостық дейді. Іс жүзінде ештеңе де істелген жоқ. Біз кезек-кезекпен ауырып жазыла алмай жатырмыз. Ешкім жұмыс істегісі келмейді. Бұл тек күз ғана. Сонда қыста не болады?” – дейді ашынған азаматтар.

ӘКІМ НЕ ДЕЙДІ?

Қала әкімі Еркін Баулықов та тұрғындардан қалыспай әлеуметтік желіде видео жариялады. Шенеуніктің сөзінше, қалаға жылу кезең-кезеңімен берілуі керек.

“Қазіргі таңда 54 градустағы жылуды жіберіп жатырмыз. Ақырындап тағы көтереміз. Біз бірден 50 градусты 80 градусқа дейін көтеріп жібере алмаймыз”, – дейді Баулықов.

БІРНЕШЕ КҮН БҰРЫН

Қала әкімі Еркін Баулықов Instagram-дағы парақшасында жағдайды түсіндіріп, тұрғындардан кешірім сұраған еді.