Қазақстандықтар 21 қазанға қараған түні "Орионид" метеорлық ағынын бақылай алады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
21 қазанға қараған түні сағатына 20-ға дейін метеор түседі деп болжанып отыр.
Орионидтер басқа метеор ағындарының арасында өздерінің жарқын отты шарларымен ерекшеленеді. Ол секундына 65 шақырым жылдамдықпен қозғалатын үлкен метеорлардан тұрады, – делінген хабарламада.
Қазақстандықтар оларды түн ортасына жақын және таң атқанға дейін көре алады.
Еске салсақ, бұған дейін алматылық фотограф алып кометаны видеоға түсіріп алған болатын. Сондай-ақ мамонттар көрген комета Жерге жақындап келе жатқанын жазған болатынбыз.