×
484.19
524.28
5.03
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
484.19
524.28
5.03

"Антиквариат". Ауғандар көрмеге қару-жарақ әкелгені туралы ақпарат тарады

Бүгін, 15:56
"Антиквариат". Ауғандар көрмеге қару-жарақ әкелгені туралы ақпарат тарады
дереккөз

Соған байланысты премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Премьер-министр орынбасарының сөзіне қарағанда, ешқандай қару болмаған және көрменің бұл бөлімі "Антиквариат" деп аталады.

Ауғандар – дарын қонған қолөнершілер. Олардың металдан жасаған дүниелерін көру керек. Арматурадан жасалған балғаны көтергенімді көрдіңіздер ме? Олар таңғажайып заттар жасайды, олар әкелген нәрсенің бәрі – бүгін заманның дүниелері. Дулығалар, бәрі – кәдесыйлар. Адамдар сатып алып, өз мейрамханаларында іліп қоюына болады, – деді Жұманғарин Үкіметтегі брифингте.

Ведомство басшысы жәрмеңкеде ешқандай қару-жарақ жеткізу туралы әңгіме болмағанын айтты.

Олар әкелген нәрсе – көрменің маңызды бөлшегінің бірі. Елестетіп көріңізші: сіз көрмеге келесіз, ал онда тек кілемдер қойылған. Тек бірдей дүниелерді көре ме? Ол жақта асыл тастар да, зергерлік бұйымдар да, шырындар да және құрылыс материалдары да болды, – деді ол.