×
486.65
524.46
5.05
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
486.65
524.46
5.05

Басы дауға қалған Бейонсе Харристі қолдап ән салмақ

Бүгін, 22:20
Басы дауға қалған Бейонсе Харристі қолдап ән салмақ
Әлеуметтік желіден

Америкалық әнші Бейонсе АҚШ вице-президенті Камала Харриспен бірге Хьюстондағы сайлауалды митингіге қатысады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

БЕЙОНСЕ ХАРРИСКЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТЕДІ

The Washington Post  басылымының мәліметінше, Бейонсе Демократиялық партияның кандидаты Камала Харриске қолдау білдіру мақсатындағы шараға қатысатынын растаған. Митинг жұма күні Хьюстон қаласында өтеді, онда Бейонсе анасымен, Тина Ноулзбен және америкалық композитор Вилли Нельсонмен бірге өнер көрсетеді.

АҚШ вице-президенті өз сөзәнде бірнеше рет Бейонсенің "Freedom" әнін саундтрек ретінде қолданған, бұл әншінің беделін арттыра түскен.

Айта кету керек, Бейонсе әрдайым кандидаттарға қолдау көрсете алатын ең ықпалды тұлғалардың бірі болып есептеледі.

Тейлор Свифт те қыркүйек айында Харристі қолдайтынын мәлімдеген болатын.

Айта кету керек, бұған дейін Бейонсе әлеуметтік желілерде P. Diddy айналасындағы дау-дамайға байланысты қудалауға ұшыраған. Оны бірден үш әртістің өліміне кінәлағандар болды.

ШОН КОМБС ДЕГЕН КІМ?

1990-2000 жылдардағы хип-хоп жұлдыз Шон Комбс (П.Дидди, Пуффи, Пафф Дэдди, Пи Дидди лақап аттарымен танымал) жуырда қамауға алынған.

Комбс – 1993 жылы Bad Boy Records шығарған ең сәтті рэп магнаттарының бірі, продюсер, кәсіпкер, рекордтық менеджер. Грэммидің үш дүркін лауреаты. Ол кезінде Ашер, Мэри Дж. Блидж және Фейи Эванс секілді жұлдыздарды жарыққа шығарған.

Қазір 54 жастағы рэпер Нью-Йорктегі Metropolitan орталығында қамауда отыр.

НЕ ҮШІН ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ?

14 беттен тұратын айыптау қорытындысында Комбсқа негізінен үш айып тағылған. Рэкет, мәжбүрлі секс-сауда және жезөкшелікке тарту мақсатында құрбандарды мемлекеттік және халықаралық шекаралар арқылы тасымалдау. Сондай-ақ, музыкант әйелдерге "оларға соққы беру, сүйреу, заттарды лақтыру және тепкілеу арқылы" шабуыл жасады деп айыпталды. 

Прокурорлардың айтуынша, ол қылмыс жасау үшін "қызметкерлерге, ресурстарға" және өзінің бизнес империясының ықпалына сүйенген. Мемлекеттік айыптаушылар Комбстың барлық активтерін – рэпер басқаратын мүлікті, қорларды немесе компанияларды тәркілеуді талап етеді.